Бокс

Головкин – «Канело» жекпе-жегі басталатын уақыт белгілі болды

Головкин – «Канело» жекпе-жегі басталатын уақыт белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Көп жанкүйер асыға күткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек осы жексенбіде өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға жекпе-жектің қашан басталатынын, қайдан көруге болатынын ұсынамыз.

Кештің басты жекпе-жегі шамамен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 қыркүйек таңғы сағат 8:00-де басталады. Оны Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Головкин – «Канело» трилогиясы қос боксшы арасындағы алғашқы екі жекпе-жек өткен Лас-Вегаста өтеді. 2017 жылғы бірінші кездесу тең аяқталса, 2018 жылы өткен екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер