Головкин Альвареспен кездесуге қымбат кабриолет мініп барды

Головкин Альвареспен кездесуге қымбат кабриолет мініп барды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін 3-жекпе-жегінің алдындағы салтанатты «көз арбасу рәсіміне» қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдайды Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Сәл қалды. Жекпе-жек апталығы бүгін ресми түрде басталды. Дайынбыз», – деп жазды даңқты боксшы.

Боксшылар мереке өтетін жерге түрлі көлік мініп келді. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері айырмашылықты бірден байқады.

Қазақстандық ұрыс алаңына әйгілі неміс өндірушісінің қымбат классикалық спорттық көлігін мініп келді.

GGG өз жанкүйерлері мен бокс әлеміне оның жасы кедергі емес екенін, бұрынғыдай жылдам әрі екенін дәлелдегендей болды.

Өз кезегінде мексикалық Сауль Альварес командасымен лимузин мініп келді.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Қазақстан уақтымен жекпе-жек 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или