Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Тракторды» ұтты

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Тракторды» ұтты

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымының матчында Челябиндік «Тракторды» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 3:1 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Кирилл Савицкий мен Линден Вей гол соқты (дубль).

Еске салайық, 15 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында Омбылық «Авангардпен» кездеседі.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Трактор» (Челябинс, Ресей) 3:1 (2:1, 0:0, 1:0) 

Шайбы соққандар:

1:0 - Вей (Михайлис, Савицкий) - 06:42

2:0 - Савицкий (Михайлис, Вей) - 15:36

2:1 - Пулккинен (Бурдасов, Исаев) - 19:51 ГБ

3:1 - Вей - 59:55

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0