«Бізді мазақ етуге болатын клуб деп есептейсіздер ме?» «Тұран» директоры «Қайратқа» қарсы ойынның төрешілерін сынға алды

«Бізді мазақ етуге болатын клуб деп есептейсіздер ме?» «Тұран» директоры «Қайратқа» қарсы ойынның төрешілерін сынға алды

«Тұран» клубының директоры Айбек Тілеужан Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында өткен «Қайратқа» қарсы матчтағы төрешілердің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- «Қайратқа» қарсы кешегі матч қонақтар тарапынан өрескел әрекеттеге толы болды. Футбол тартысты қажет ететін спорт екені бәрімізге белгілі, десе де қарсыласқа деген құрмет болу керек. «Қайраттың» ойыншысы Ульшиннің әрекетінен кейін біздің қақпашымыз Токотаев ауыруханаға түсіп, бетін бірнеше жіппен тігуге тура келді! Аз болғанда Керімжановтың аяғын сындырар еді. «Ордабасымен» ойында дәл осындай жағдай болып, ойыншымыз Евдокимовке қызыл қағаз көрсетіп, екі матчтан шеттетілді. Ал бұл эпизодта төреші сары қағазды керісінше біздің ойыншыға берді. «Тұрандықтар» да қонақтарға осындай әрекетпен жауап берсе не болар еді?! Біздің жігіттердің де қолынан «сындыру» келеді, бірақ оларда ондай мақсат жоқ.

Ешкім шағымданып жатқан жоқ, бірақ бәрінің де шегі бар! Кешегі матч шыдамның шегіне жетті! Қазақстан төрешілері «Тұранды» мазақ қылуға болатын клуб деп келісіп алған секілді. Біз бұған жол бермейміз және өзгелерге айтарымыз: Түркістан облысын мазақ етудің қажеті жоқ! Әрине, қазіргі жағдай бәрінің көңіліне қаяу салады.

Бар ұжым секілді мен көп жұмыс істеуге дайынмын, десе де еңбегіңді футбол фемидасының қызметкерлері еш еткені жағымсыз әсер қалдырады! Баршаңызға алаңда жақсы әрі әділ ойын тілеймін! Сонда ғана бәрі жақсы болады, - деді.

Назарларыңызға дауыл сәттің видеосын ұсынып отырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или