Футзал

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оқу-жаттығу жиыны бүгін, 12 қыркүйекте Ақтауда басталды. Қазақстан құрамасы жаттығу жиыны аясында Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Екі кездесу де «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – Қайрат), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Джахангир Рашит (барлығы – «Каспий») , Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Евгений Кошкин («Астана»);

Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер, Серік Унбаев – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:
19 қыркүйек, 2022 жыл
Қазақстан – Әзербайжан

20 қыркүйек, 2022 жыл
Қазақстан – Әзербайжан

Матчтар басталатын уақыт кейінірек анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер