Андрей Зейц «Монреаль Гран-приінде» 29-орын алды

Канадада «Монреаль Гран-приі» әлемдік турының біркүндік веложарысы өтті. Қатысушылар 221,4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәреге бірінші болып UAE Team Emirates командасының словениялық шабандозы Тадей Погасар жетті, екінші болып Jumbo-Visma командасының бельгиялық спортшысы Воут ван Арт, үшінші болып Quick-Step Alpha Vinyl командасынан итальяндық Андреа Бадгиоли келді.
Astana Qazaqstan Team командасының шабандоздары қазақстандық Андрей Зейц 29-орын, италиялық Симоне Веласко 32-орын алды.
«Монреаль Гран-приі» веложарысы. 221,4 шақырым
1. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates) – 5:59:38
2. Воут ван Арт (Бельгия, Jumbo-Visma) – +0:00
3. Андреа Баджоли (Италия, Quick-Step Alpha Vinyl Team) – +0:00
29. Андрей Зейц (Казахстан, Astana Qazaqstan Team) – +0:47
32. Симоне Веласко (Италия, Astana Qazaqstan Team) – +0:59
Фото astana-qazaqstan.com