Асылжан Бақытжанұлының қарсыласы белгілі болды

Асылжан Бақытжанұлының қарсыласы белгілі болды

17 қыркүйекте Абу-Дабиде өтетін UAE Warriors турниріндегі қазақстандық ММА файтері Асылжан Бақытжанұлының қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Бақытжанұлының қарсыласы жартылай ауыр салмақтағы AMC Fight Night бұрынғы чемпионы ирандық Хасан Юсефи (8-4-1) болады. 2021 жылдың қазан айында ол Вагаб Вагабовпен жекпе-жекте титулынан айырылып қалған болатын.

Турнирдің басты жекпе-жегінде канадалық Джесси Арнет иорданиялық Али Алкаисимен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или