Хоккей

ҚХЛ: «Сочи» – «Барыс» матчының үздік ойыншылары анықталды

ҚХЛ:  «Сочи» – «Барыс» матчының үздік ойыншылары анықталды

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусым аясындағы «Сочи» - «Барыс» матчының үздік үш ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың үздік ойыншылары:

Артур Тянулин, «Сочи» шабуылшысы. Екі шайба соқты, командасының шабуыл шебіндегі белсенділердің бірі болды.

Егор Бабенко, «Сочи» шабуылшысы. Нәтижелі пас беріп, жеңіс шайбасын соқты.

Кирилл Савицкий, «Барыс» шабуылшысы. Екі шайба соқты, алаңда 17 минут өнер көрсетті.

Айта кетейік, «Сочи» – «Барыс» матчында ресейлік команда 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тұрақты маусымның алғашқы төрт ойынында бір ғана ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 10-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0