Бокс

WBC чемпионы Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегін өткізбек

WBC чемпионы Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегін өткізбек

WBC International тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы қазақстандық чемпион Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің рингке шығуымды күтіп жүрген достар, жекпе-жек жақында қараша айының басында, Германияда өтеді деп ойлаймын. Қарсылас та анықталған сияқты. Ол 16 жеңіліссіз жекпе-жек өткізген. Жақында кездескенше», - деді Жан Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жарияланған видеода.

Соңғы жекпе-жегін Жан Кособуцкий 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Гамбургте (Германия) өткізді. Онда француз спортшысы Жоан Дюопты (39-7, 26 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, WBC International нұсқасы бойынша екінші дәрежелі титулға ие болды.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0