Әлем футболы

Мбаппе «Реалға» не үшін ауыспағанын айтты

Мбаппе «Реалға» не үшін ауыспағанын айтты

Килиан Мбаппе «Реалға» ауысудан неге бас тартқаны туралы тағы да айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард ПСЖ-мен жаңа келісімшарт жасасуы ақшаға байланысты емес екенін атап өтті.

«Себебі кез келген клубта, қайда барсам да ақша алатыным анық. Кез келген клубта осындай ойыншы боламын. Мен өз болашағымды, мансабым туралы шешімді ел президентімен бірге талқылаймын деп ойламаппын. Макрон маған: Сенің клубта қалғаныңды қалаймын. Қазір кеткеніңді қаламаймын. Сіз ел үшін өте маңыздысыз - деді», - деп еске алады Мбаппе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0