Футзалдан Өзбекстан чемпионаты басталды

Джизакта футзалдан 2022/2023 жылғы маусымдағы Өзбекстан чемпионатының 1-тур ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші ойын күнінің матчтары мынадай нәтижемен аяқталды:
«Пахтакор» (Тәшкент) – «Ойл Стар» (Тәшкент) 3:5 (2:2)
Гол соққандар: Зоиров (2, 10), Можаев (29) – Нарзуллаев (1, 40), Свиридов (16, автогол), Самиев (32), Мамадалиев (36)
«Насаф» (Карши) – «Максам-Ч» (Чирчик) 4:6 (0:3)
Гол соққандар: Рамонов (26), Абдураззаков (28), Баратов (29), Полвонов (40) – Джумабоев (1, 32, 38), Рахматуллаев (16), Ахметзиянов (18), Тулкинов (28)
«Нефтчи» (Фергана) – «Локомотив» (Тәшкент) 4:7 (2:3)
Гол соққандар: Джурахонов (11, автогол), Максудов (18), Алишеров (22), Рахмиддинов (36) – Шаяхмедов (13), Нормирзаев (16, 19, 32), Маллаев (32, 34)
2022/2023 жылғы маусым Өзбекстан Суперкубогы үшін матчпен басталды. Онда АГМК командасы қазіргі чемпион «Джизак-Кентексті» 9:5 есебімен ұтты.