Велоспорт

Анхель Лопес: Алдағы кезеңдерде аянып қалмаймын

Испанияда Вуэльта жарысының 15-кезеңінде «Астана» шабандозы Мигель Анхель Лопес үшінші орын алды.

– Күн өткен сайын ағзаға түсетін салмақ артып, физикалық және психологиялық тұрғыда шаршай бастаймыз. Бірақ бұл жолы өзіме үлкен мақсат қойып отырмын. Кезең қортындысы бойынша да, жалпы есептегі көрсеткіште де топ басына шыққым келеді.

Осы мотивация қосымша күш беріп жатыр. Қазір бабым жақсы. Алдағы кезеңдерде аянып қалмаймын және мақсатыма жету үшін барымды салам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0