Еуропаның бес ірі чемпионатында ұпай жоғалытпаған 2 команда ғана қалды

Еуропаның бес ірі чемпионатында ұпай жоғалытпаған 2 команда ғана қалды
Испания чемпионатының 4-турында «Реал Мадрид» өз алаңында «Бетисті» қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, мадридтік команда Ла лиганың жаңа маусымында алғашқы 4 кездесуде де жеңіске жетіп, турнирлік кестеде жеке көш бастады. Ал бұған дейінгі 3 турда ұпай жоғалытпаған «Бетис» алғашқы жеңілісіне ұшырады. 

Сондай-ақ, Еуропаның бес ірі чемпионатында әлі ұпайдан шашау шығармаған екі команда ғана қалды. «Реалдан» бөлек лондондық «Арсенал» барлық ойында (5 матч, 5 жеңіс) жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, алпауыт «Манчестер Сити», «Бавария», тіпті қарсыластары салыстырмалы түрде әлсіз ПСЖ-ның өзі алғашқы турларда ұпай жоғалтып үлгерді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или