Теннис

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.

Түпнұсқасы: ktf.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0