Бублик US Open турнирінен шығып қалды
                  Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 47-ракеткасы) Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінде екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші 1/32 финалда Испания өкілі Пабло Каррено-Бустамен (әлемнің 15-ші ракеткасы) кездесіп, төрт сетте 6:4, 4:6, 3:6, 6:7 есебімен ұтылды.
Кездесу үш сағат бір минутқа созылды.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или