Жуков пен Канте қытайлық клуб сапында алаңға шықты

Жуков пен Канте қытайлық клуб сапында алаңға шықты

Қытай Суперлигасының 15-турында «Цанчжоу Майти Лайонс» өз алаңында «Чанчунь Ятайдан» 1:2 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков пен алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Хосе Канте кездесудің 60-минутында алаңға шықты.

Бұл олардың жаңа клуб сапындағы алғашқы матчф. Гвинеялық шабуылшы нәтижелі пас беріп, көзге түсті.

«Цанчжоу Майти Лайонс» (Цанчжоу, Қытай) – «Чанчунь Ятай» (Чанчунь, Қытай) – 1:2

Гол соққандар: Оскар Мариту 79 – Эрик 26, Сержиньо 90+2 (пенальти)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0