Килан Лебон: Бұл гол тек бастамасы болады деп үміттенемін

Килан Лебон: Бұл гол тек бастамасы болады деп үміттенемін

«Астананың» вингері Килан Лебон «Тараз» қақпасына гол соғып, матчта есепті теңестірді. Матч соңында ойыншы кездесудің қорытындысына тоқталды.

- Өз алаңында бір-ақ рет жеңілген командаға қарсы ауыр ойын болды, қиын болатынын матч алдында білген едік. Бұл біз күткен нәтиже емес, біз үш ұпай алғымыз келді, бірақ бір ұпайдың өзі де маңызды. Енді келесі матчты күтеміз, өте маңызды ойындарға жақсы дайындалу керек.

Мен клуб сапындағы алғашқы голды соққаныма өте қуаныштымын және бұл алғашқысы деп сенемін. Мен клубта өзімді өте жақсы сезінемін, барлығы жақсы қарсы алды және өзімді жақсы сезінуім үшін бар жағдайды жасады. Бұл үшін барлық әріптестеріме және қызметкерлерге алғыс айтамын. Енді алаңда ойнап, командаға және клубқа қолымнан келгенше көмектесу арқылы барлығына алғысымды жеткіземін деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0