Қазақстандық шабандоздар Чехияда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды
Простейовте (Чехия) «Отмар Малечек мемориалы – Оломоц өлкесінің Гран-приі» халықаралық велоспорт турнирінде ерлер арасында «Мэдисон» дисциплинасы бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бағдарламаның бұл түрінен қазақстандық Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов күміс жүлдегер атанды. Олар польшалық Филип Прокописин мен Шимон Кравчиктен қалып қойса,, үшінші орын алған аргентиналық Факундо Лесика мен Иван Габриэль Руизден озып кетті.
Еске салайық, Артем Захаров осы жарыстарда омниум және скретч бойынша қола медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или