«Қайрат» АФК (U-15) халықаралық турнирде топ жарды

«Қайрат» АФК (U-15) халықаралық турнирде топ жарды

Сары-Ойда (Қырғызстан) футзалдан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды, оған «Қайрат» АФК мен Қарағандылық «Тұлпар» қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 жасқа дейінгілер арасындағы финалда «Қайрат» АФК (<span>U-15) «Ошты»</span> 4:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде «Тұлпар» 4:5 есебімен <span>«Бішкектен»</span> ұтылды.

U-17 санатында «Қайрат» АФК күміс медаль алды. Финалда алматылықтар «Бішкекке» 3:4 есебімен есе жіберді. «Қола» үшін кездесуде «Тұлпар» пенальти сериясында «Ошты» жеңді.

 

<span>Фото instagram.com/futsal_kgz</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или