Америкалық велошабандоз допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Америкалық велошабандоз допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Америкалық велошабандоз Джексон Нэш допинг қолданғаны үшін өмір бойына шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі АҚШ-тың допингке қарсы агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, спортшы тыйым салынған препараттарды – анастрозол, оксандролон, кленбутерол және тестостеронды қолдану және қолдануға әрекет жасау бойынша жеті бұзушылыққа кінәлі. 31 жастағы велошабандоздың басқа спортшыларды заңсыз заттарды қолдануға көндіргені және оларды сатпақ болғаны анықталды.

Велошабандоздың шеттетілуі 2022 жылдың 30 маусымында басталды, бұл кезде ол спорттан уақытша шеттетілген.

Фото<span> </span>usada.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или