«Өзімді сынауға тамаша мүмкіндік». Игорь Чжан «Астанамен» тағылымгер ретінде келісімшарт жасасуы туралы

«Өзімді сынауға тамаша мүмкіндік». Игорь Чжан «Астанамен» тағылымгер ретінде келісімшарт жасасуы туралы

Топтық жарыста қазіргі Азия чемпионы қазақстандық Игорь Чжан Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Астанаға» тағылымгер ретінде келісімшарт жасасуы туралы пікір білдірді.

- «Астанаға» тағылымгер болу сіз үшін нені білдіреді?

– Мен үшін бұл – өзімді әлемдік деңгейде сынауға, әлемнің ең мықты жүйріктерімен бәсекеге түсуге және өзімді көрсетуге берілген тамаша мүмкіндік. Бұл карьерамда жаңа қадам жасау мүмкіндігі және, әрине, мен велокоманда басшылығының маған артқан сенімін ақтауға тырысамын. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, мен оған барынша байыппен қараймын.

– Қазақстан чемпионатының топтық жарысында «Астана» шабандоздарымен жеңіске таласу мүмкіндігі болды ма?

– Мен көшбасшылар тобында келе жаттым, бірақ мәре сызығына аз қалғанда ішім тарылып, шығуға тура келді. Чемпионат мен үшін осылай өткені өкінішті, шынымды айтсам, мен жақсырақ өнер көрсетуге, жақсы нәтижеге бейімделдім. Бірақ - бұл спорт, осындай жағдайлар болып тұрады.

– Сіз Азия ойындарына Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінде болдыңыз. Ойындардың кейінге шегерілуі көңіліңізді түсірді ме?

- Жалпы, айтарлықтай көңілімді түсірген жоқ, кейінге қалдыру - бұл тоқтату емес, менің ойымша, біз әлі Азия ойындарына барып, елімізді және атақты велоспортымызды құрлықтық додада лайықты түрде көрсетіп үлгереміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или