«Арлан» ХК капитанымен келісімшартты бұзды

«Арлан» ХК капитанымен келісімшартты бұзды

Кейінгі 7 маусымда көкшетаулық клуб сапында өнер көрсеткен Владислав Колесников командадан кетті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, ресейлік ойыншы клубпен келісімшартты бұзған. Мамыр айында «Арлан» әлеуметтік желіде 38 жастағы капитанмен келісімшарт ұзартқанын хабарлаған болатын.

Өткен маусымда Владислав Колесников Қазақстан тұрақты чемпионатында 38 кездесу өткізіп, 10 (0+10) ұпай жинаған.

Колесников «Казцинк-Торпедо», «Барыс», сондай-ақ ресейлік «Трактор», «Газовик» және «Нефтяник» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или