Александр Бубликтің Монреаль мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

Александр Бубликтің Монреаль мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бубликтің Монреаль (Канада) мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 37-орында тұрған америкалық Дженсон Бруксбимен шеберлік байқасады.

Хард төсенішіндегі мастерс жарысы 7-14 тамыз аралығында өтеді. Алғашқы сегіз теннисші болып тіркелген ойыншылар доданы екінші айналымнан бастайды.

Әлемнің бірінші ракеткасы, Монреаль турнирінің өткен жылғы чемпионы Даниил Медведев екінші айналымда аустралиялық Ник Кирьос немесе аргентиналық Себастьян Баэстің қай жеңгенімен кездеседі.

Сондай-ақ 7-14 тамыз аралығында өтетін Торонто WTA 1000 (Канада) додасында өнер көрсететін тағы бір қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцеваның да қарсыласы белгілі болды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 296-сатыдағы канадалық Кэтрин Себовті сынап көреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или