«Польша турының» 7-кезеңіне бейнешолу

Кеше «Польша туры» көпкүндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кезеңде «Groupama-FDJ» командасының шабандозы Арно Демар жеңіске жетті. Екінші орынды «Jumbo-Visma» командасынан голландиялық Улав Коей иеленді. Үздік үштікті «Bahrain-Victorious» шабандозы Фил Баухаус түйіндеді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Микеле Гоццоли көрсетті, ол мәреге 18-ші болып жетті.
Жалпы есеп:
1. Итан Хейтер (Ұлыбритания, «INEOS Grenadiers») — 24:27:03
2. Тимен Аренсман (Нидерланды, «DSM») — +0:11
3. Пельо Бильбао (Испания, «Bahrain-Victorious») — +0:18
7. Самуэле Баттистелла (Италия, «Астана») — +0:32