Бокс

Геннадий Головкин Қазақстанда тағы да жекпе-жек өткізгісі келеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Головкин Compas On The Beat басылымына берген сұхбатында 17 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жектен кейін бокстағы мансабын аяқтау жоспары жоқ екенін, ал зейнетке шықпас бұрын қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен шоу көрсеткісі келетінін айтты.

«(...) Болашақта кіммен, қалай және қайда жекпе-жек өткізуге қатысты жоспарым көп. Менің сүйікті Қазақстаным бар, онда бокс кешін өткізу керек деп ойлаймын, үлкен жоспарларым бар, - деді GGG.

Геннадий кәсіпқой мансабында Қазақстанда бір-ақ рет жекпе-жек өткізген. 2010 жылы 16 желтоқсанда Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы- авт.) өткен жекпе-жегінде колумбиялық Нилсон Тапияны нокаутқа түсірді.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0