«Ақтөбе» Армения құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отыр

«Ақтөбе» Армения құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Армения құрамасының ойыншысы Артур Миранян мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы «ФНЛ с Ильевым» телеграм-каналы жазды.

Былтыр Армания чемпионатында «Урарту» сапында 10 гол соққан футболшыға Қазақстан мен Ресей командалары қызығушылық танытып отыр. Мұны футболшының агенті Тимур Оразаев растады.

Ресейдің «Арсеналы» мен Премьер-лиганың екінші сегіздігіндегі команда Артур Миранянды сапында көргісі келеді екен. Ал Қазақстаннан футболшыны «Ақтөбе» шақыруға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или