АПОЭЛ – «Қызыл-Жар» және «Зриньски» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы

АПОЭЛ – «Қызыл-Жар» және «Зриньски» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы

4 тамыз күні УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық екі клуб кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Атап айтқанда, АПОЭЛ – «Қызыл-Жар» және «Зриньски» - «Тобыл» матчы өтеді.

Назарларыңызға аталған кездесулердің тікелей трансляциясын ұсынамыз.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ-мен кездеседі. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүріп, Конференция лигасында бақ сынап жатқан «Тобыл» босниялық «Зриньскимен» кездеседі. Қостанайлық команда да алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Бұл матч елорда уақытымен 01:00-де басталады. Кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0