Қазақстан құрамасының ойыншысы «Атырау» сапынан кетті

Болат Сарбасов Instagram желісіндегі парақшасында «Атыраудан» кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі futsalkazakhstan сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, Болат – кәсіби карьерасын 2017 жылы «Жетісуда» бастаған.
2020 жылы команда таратылғаннан кейін Болат «Атырауға» ауысқан болатын. Сарбасов осы клуб сапында 99 матчта 37 гол соққан.
Ойыншы мансабын қайда жалғастыратыны әзірге белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или