«Аят» мини-футбол клубы жаңа логотипін таныстырды

«Аят» мини-футбол клубы жаңартылған логотипін ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті жанкүйерлер, назарларыңызға командамыздың жаңа логотипін ұсынамыз!
Жаңа логотипте клубтың дәстүрлі түстері бар. Команда мен қаланың аты енді латын әліпбиінде жазылады.
Бұрынғы логотип клуб құрылғаннан бері адал қызмет етті, бірақ қазіргі өмір бізді өзгерістерге тезірек жауап беруге мәжбүр етеді және біз бір орында тұрмаймыз.
«Аят» жанкүйерлері жаңа логотипті бағалайды деп сенеміз, бұл логотиппен біздің клуб Қазақстан чемпионатында, сондай-ақ халықаралық ареналарда Рудный қаласының намысын қорғайды», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Фото: МФК «Аят»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или