«Ертістің» бұрынғы ойыншысы «Ақсуға» ауысты

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы «Ақсуға» ауысты

«Ақсу» футбол клубы қорғаушы Руслан Есімовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы ойыншы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Руслан Есімов – Екібастұз футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін «Екібастұз», «Каспий», «Ертіс» командаларында ойнаған.

Қорғаушының кейінгі командасы «Қызыл-Жар» болды, аталған команда сапында ол 32 кездесуге қатысып, 1 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или