Сеск Фабрегас Италияның екінші дивизионындағы клубқа ауысты

Сеск Фабрегас Италияның екінші дивизионындағы клубқа ауысты

Испаниялық жартылай қорғаушы Сеск Фабрегас Италияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Комо» командасымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрегас «Комо» базасына дүйсенбіде барған. Клуб Twitter-де 35 жастағы футболшының команда жейдесімен түскен суретін жариялады. Daily Mail мәліметінше, келісімшарт 2024 жылға дейін жасалған.

Фабрегастың кейінгі клубы франциялық «Монако» болды, бұл клубқа 2019 жылы «Челсиден» ауысқан еді. Өткен маусымда ол 5 матч өткізіп, нәтижелі ойынымен көзге түспеген. 

Фабрегас — 2010 жылғы әлем чемпионы және Еуропаның екі дүркін чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0