Испаниялық танымал шабандоз «Астанаға» оралуы мүмкін

Испаниялық танымал шабандоз «Астанаға» оралуы мүмкін

Луис Леон Санчес «Астанаға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық Tuttobiciweb сайтының мәліметінше, 38 жастағы шабандоздың Bahrain Victorious командасымен қазіргі келісімшарты 2023 жылдың соңына дейін жарамды, сондықтан Санчес «Астанаға» ауысу үшін келісімшартты бұза ма деген сұрақ туындайды. 

Айта кетейік, Санчес «Астана» сапында 2006 жылы, одан кейін 2015 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсеткен, содан кейін Bahrain Victorious командасымен екі жылға келісімшарт жасасқан.

Қазақстандық команда сапында Санчес 2015 жылғы Еуропа ойындарын, «Мурсия Вуэльтасын» екі рет, 2018 жылы «Алматы турының» кезеңін, 2020 жылы Испания ұлттық чемпионатын және көптеген көпкүндіктің кезеңдерінде жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или