Италиялық велошабандоз «Астанамен» келісімшартқа қол қойды

Итальяндық велошабандоз Кристиан Скарони ағымдағы маусымның соңына дейін Қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасымен маусым соңына дейін қысқа мерзімді келісімге қол қойды.
Брешияның 24 жастағы тумасы тура осы аптада "Польша туры" әлемдік турының көп күндік жарысына қатысу үшін командаға қосылады. Жарыс (30 шілде – 5 тамыз) аралығында өтеді.
- Мен мансабымның қиын кезеңінен өтіп, қайта үлкен командамен қауышуыма мүмкіндік алғаныма және үлкен командамен контрактіге қол қойғанымды мақтаныш тұтамын. Біздің ешқайсымыз осы жағдайға тап болатынымызды елестете алмадық –командасыз және келісімшартсыз, маусымның қызған шағында әрине, бұның бәрі бізге қатты әсер етті. Алайда, мен де, менің бұрынғы командамдағы жолдастарым да кәсібилікті көрсету және жаттығуларда күн сайын жұмыс істеуді жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты.
Енді мен Astana Kazakhstan Team-мен келісім-шартқа қол қою мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын, бұл мен үшін толқитын және маңызды сәт. Әрине, мен команданың маған деген сенімін ақтауға тырысамын. Мен командаға кез – келген жарыста алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесу үшін 100 пайыз күш салуға дайынмын", - деді Кристиан Скарони.
Кристиан Скарони-жазық кезеңдерде де, тауларда да жоғары нәтиже көрсете алатын әмбебап шабандоз. Биыл ол "Адриатика-Ионика" көпкүндігінде екі кезеңді жеңіп, сонымен қатар ұлттық құрамадағы жолдастарына "Сицилия турында"жеңіске жетуге көмектесті.
- Кристиан-жас талантты шабандоз, сондықтан біз оған осы маусымның биіктігінде мүмкіндік бергенімізге қуаныштымын. Алда әлі де көптеген жарыстар бар, сондықтан бұл шабандоз үшін де, команда үшін де, егер ол бізге сәйкес келсе, бағалауға жақсы мүмкіндік. Маған Кристианың осы қиын кезеңде келісімшартсыз көрсеткен кәсібилігі ұнады, ұлттық құраманың құрамындағы жаттығуда да, сирек жарыстарда да қажырлы жұмысын жалғастырды, сондықтан мен оны Польшадағы Astana Qazaqstan Team құрамындағы алғашқы жарыста көргім келеді, онда ол Сэмюэл Баттистеллаға көмектесетін болады", – деді Александр Винокуров, команданың бас менеджері.