Бокс

Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бокстан жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова 29 шілде күні Алматыда Octagon 33 турнирінде ММА-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы аралас жекпе-жек спортшысы, 18 жастағы ресейлік Карина Оңдасынова болмақ. Ресейліктің MMA-дегі рекорды – 2-0. Жекпе-жек қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты.

Өткен жылдың желтоқсан айында Фируза Шәріпова WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring нұсқалары бойынша белбеулер үшін болған титулдық жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалды.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0