«Астана» жанкүйерлерінің көзінше тағы да жеңіліп, еурокубокпен қоштасты

«Астана» жанкүйерлерінің көзінше тағы да жеңіліп, еурокубокпен қоштасты

Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта «Астана» польшалық «Ракувтан» тағы да жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренадағы» қарымта кездесу ештеңе шешпейтін еді. Себебі Польшада өткен алғашқы матчта «Ракув» 5:0 есебімен жеңген болатын. 

Дегенмен жанкүйерлер астаналық команда қарымта кездесуде жеңіп, УЕФА клубтарының рейтингінде Қазақстанға ұпай сыйлайды деп сенген. Бірақ польшалықтар «Астана Аренадан» жеңіспен қайтты. Кездесудің 16-минутында украиналық футболшы Владислав Кочергин алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұл ойындағы жалғыз гол болды. Кездесу барысында елордалықтардың есепті теңестіретін мүмкіндігі бола қойған жоқ. 

Осылайша, «Астана» биылғы еурокубокпен қоштасқан алғашқы қазақстандық клуб болып отыр. Команда қатарынан үшінші еуромаусымда жарыс жолын ерте аяқтады.    

Конференциялар лигасы.

2-іріктеу кезеңі. 2-матч. 1 матч есебі - 0:5

«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - «Ракув» (Ченстохов, Польша) - 0:1 (0:1)

Гол: Кочергин 16

Төреші: Клима (Чехия)

28 шілде. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0