«Чемпиондық белбеуді жекпе-жексіз алғым келмейді». Әлімханұлы мәлімдеме жасады

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) америкалық Деметриус Андрадеге тиесілі басты чемпиондық белбеуді жекпе-жексіз алғысы келмейтінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы боксшы твиттер парақшасында жазды.
«Шынымды айтсам, мен Андраденің титулды босатқанын қаламаймын. Ол менімен жекпе-жек өткізсе жақсы болар еді. Оны нокаутқа түсіргім келеді. Жекпе-жексіз чемпион болу әрине жақсы, бірақ чемпионды нокаутқа түсіру одан да жақсы», - деп жазды 29 жастағы Жәнібек.
Айта кетейік, 20 шілдеде Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегін белгілеп, боксшыларға кездесуді ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізуге 30 күн уақыт берді. Көрсетілген мерзімде мәміле жасау мүмкін болмаса, промоутерлік сауда жарияланады.
To be honest, I don't want Andrade to vacate the title. I want him to fight me. I want to knock him out. Being a champion without a fight is good, but knocking out a champion is better.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) July 28, 2022