«Камбэк жасай алатынымызға сенеміз». Абат Айымбетов еурокубоктағы матчқа қатысты пікір білдірді

Елордалық команданың ойыншысы Абат Айымбетов Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алдағы қарымта матчтан күтетін ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Бапкердің пікірімен келісемін, мұндай есеппен жеңілуге лайық емес едік. Бұйырса, ертең оларды жеңеміз.
– Қазір командадағы атмосфера қандай? Польшадағы жеңілісті ұмыта алдыңыздар ма?
– Иә, жігіттермен матчты талқылап, ортақ пікірге келдік. Ертеңгі ойын барлығын көрсетеді.
- Ертеңгі ойында есе қайтар аласыздар ма?
- Біз камбэк жасай алатынымызға сенеміз. Мүмкін емес ештеңе жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или