Қазақстан чемпионатының басталу күні мен қатысушылар саны анықталды

Қазақстанда жаңа хоккей маусымы қашан басталатыны және оған қандай командалар қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2022/23 маусымындағы Қазақстан чемпионаты 2022 жылдың 10 қыркүйегінде басталып, 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.
Pro Hokey Ligasy турнирінде 12 команда бақ сынасады: қазақстандық Ақтөбе, Алматы, «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Барыс», «Торпедо», сондай-ақ Өзбекстан өкілі «Хумо».
Алдымен кезекті чемпионат өтеді, одан кейін сегіз үздік клуб плей-офф кезеңіндегі мықтыларды анықтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или