«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы бразилиялық вингерді қатарына қосты

Чемпиондар лигасының негізгі айналымындағы алматылық «Қайраттың» қарсыласы саналатын испандық «Пальма футзал» бразилиялық вингер Клеберді жалдан қайтарды, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі Palmafutsal.com сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы ойыншы 2021/2022 маусымын «Реал Бетис» сапында өткізіп, 19 ойынға қатысып, 10 гол соққан.
Ла Лиганың 2021/2022 жылғы күміс жүлдегері «Пальма футзал» Чемпиондар лигасындағы дебют алдында құрамын күшейтуді жалғастыруда.
Бұған дейін командаға Еуропа чемпионы Марио Ривиллос пен ирандық супержұлдыз Хоссейн Тайеби сияқты ойыншылар келген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или