Мирас Көбеев «Ақсуға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді

Мирас Көбеев «Ақсуға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді

«Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Мирас Көбеев «Ақсуға» (3:2) қарсы ойын туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісі fckairat.kz сайтына сілтеме жасап.

- Ойын қиын болды. Бірақ бапкерлер штабының тапсырмасын дәл орындағанымыздың арқасында жеңіске жетіп, тиімді нәтижеге қол жеткіздік. Қарсылас бізге қарсылық көрсетіп, мықты болды, бірақ біз олармен күресіп, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

Дебютке келер болсақ, тамаша әсердемін. Матчты соңғы минуттарға дейін толық ойнағаныма қуаныштымын, сол үшін бапкерлер штабына ризамын. Оларға сенім білдіргені үшін көп рақмет.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0