«Спортинг» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясындағы «Қайратқа» қарсы ойын алдында бес ойыншымен келісімшарт жасасты

Биыл күзде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында алматылық «Қайратқа» қарсы ойнайтын париждік «Спортинг» бес ойыншымен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
2025 жылға дейін командада 29 жастағы Франция құрамасының қорғаушысы Сид Бельхадж қалады. Бразилиялық вингер Эдер Луан Саде және Франция құрамасының шабуылшысы Булайе Бамен екі жылдық келісімшартқа қол қойылды. Қақпашы Ален Дуанг пен Әзірбайжан құрамасының вингері Финео бір жылға келісімшарт жасасты.
Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі 25-30 қазан аралығында өтеді. «Қайрат» пен «Спортингтан» бөлек, «А» тобында Испанияның «Пальма Футзал» мен бельгиялық «Андерлехт» бар.
__
Фото instagram.com/parissporting
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или