Денис Евсеев Президент кубогының финалына өтті

Денис Евсеев Президент кубогының финалына өтті

Елордада ерлер мен әйелдер арасында Президент кубогының финалына шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Евсеев өз спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына жолдама алды. Д.Евсеев жартылай финалда отандасы Бейбіт Жукаевты 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Әр партияда Денис бір-бірден брейк жасады. Қазақстандық теннисші жексенбі күні финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салады. Сафиуллин жартылай финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попкодан айласын асырды - 6:3, 6:2.

Президент кубогы аясында әйелдер арасында ITF M60 додасында соңғы бәсекеде жапониялық Моюка Учиджима мен сербиялық Наталья Стефанович кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или