Футзал

«Бәйтерек» сапына екі ойыншы қосылды

«Бәйтерек» сапына екі ойыншы қосылды

Оралдың «Бәйтерек» командасының қорғаныс шебін нығайтуға арналған екі ойыншының ауысқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батысқазақстандық клубтың ресми Instagram парақшасында хабарлағандай, қақпашы Салауат Байралиев пен қорғаушы Ақжол Тыныштықбаев карьерасын «Бәйтеректе» жалғастырады. Екі ойыншы да «Ақтөбе» футзалының тәрбиеленушілері.

28 жастағы Салауат Байралиев соңғы маусымды Рудныйдың «Аятында» өткізді. Қазақстан чемпионатының қола және күміс жүлдегері, Чемпиондар лигасында ойнау тәжірибесі бар, ұлттық құрамаға тартылған.

25 жастағы Ақжол Тыныштықбаев та ел чемпионаттарында күміс және қола медальдарды жеңіп алып, Чемпиондар лигасында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0