Хоккей

Павел Валентенко: Маусымда ең биік межені көздейміз

Павел Валентенко: Маусымда ең биік межені көздейміз
news-banner7
mobile-news-top

«Арланның» тәлімгері Павел Валентенко клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында командамен таныстықтан кейінгі алғашқы эмоцияларымен бөлісті.

- Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Көкшетау қаласының хоккей клубында жұмыс жасауға шақырту алғаныма аса қатты қуаныштымын.

- Клубтың инфрақұрылымымен танысып, жағдайын бағамдап үлгердіңіз бе?

- Біз бүкіл бапкерлік штабпен бірге барлық жайларды аралап, жалпы алғанда, көңіліміз толды. Жақсы киім ауыстыратын бөлме, шынығу мен құрғақ жаттығуға арналған зал бар. Болар-болмас ескерту-тілектеріміз бар, оны басшылыққа хабарладық, аз-маз өзгерістер болады.

- Мұнда келем дегенше Қазақстан чемпионатын бақыладыңыз ба?

- Бұған дейін бірнеше досым қазақстандық чемпионатта ойнады, сол себепті ара-арасында бақылап тұратынмын. Ал «Арланнан» ұсыныс келіп түскенде командалардың деңгейін түсініп, жергілікті чемпионаттың ау-жайын байқау үшін плей-офф ойындарының толық финалдық сериясын қарап шықтым.

- Жақын күндері команда Теміртауға маусымалды жиындарға аттанады. Команданың оны қалай өткізетіні бойынша жоспар бар ма?

- Барлығы әдеттегідей, 4+1 схемасы бойынша жұмыс жасаймыз. Төрт күн жұмыс, бір күн демалыс. Екі топқа бөлінеміз, бірі жерде, басқалары мұзда жаттығады, сосын ауысып отырамыз. Сондай-ақ біздің тарапымыздан төрт жолдастық ойын жоспарланды. Қазақстан кубогі алдында тағы бір жаттығу циклы болып, онда ойнайтын звенолар құрамы анықталады, түрлі тіркесімдерді көреміз. Қазір бізге 50 адам шақырылды, команданың түбегейлі құрамына барлығы кірмейді. Кейбірін жастар командасына жібереміз, кейбірімен қош айтысамыз.

- «Арлан» трансферлік нарықта айтарлықтай белсенді, бұған дейін жарияланған алдын ала құрам маусымға салмақты мақсат қойылғанын байқатады.

- Маусымда ең биік межені көздейміз. Қазақстан кубогіне қатысты айтарым, біз тұрақты чемпионат басталар алдында команданы тексерудің жақсы мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Ойнайтын звенолардың тіркесімін байқайтын, алыс-берісті тексеретін басты жаттығу дер едім. Десе де, әр матчты тек жеңіс үшін ойнайтын боламыз. Маусымда заманауи, екпінді, вертикал хоккей ойнауды жоспарлап отырмыз, күштік амалдар қолданылып, қарсыласты ұдайы қысымда ұстауға тырысамыз. Іш пыспайтыны анық.

Түпнұсқасы: pro.ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер