Текеліде өтіп жатқан маунтинбайктен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Текеліде өтіп жатқан маунтинбайктен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Текелі бұл күндері маунтинбайктен Қазақстан чемпионатын қабылдап жатыр, деп хабарлайды <span>Prosports.kz</span> тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир аясында қысқа жарыс пәнінен XCC жеңімпаздары анықталды.

Ерлер арасында Егор Карасев ұлттық чемпион атанды. Екінші орынды Денис Сергиенко иеленді. Үздік үштікті Андрей Нитяжук тұйықтады.

Татьяна Генелева әйелдер арасынан "алтын" алды. Алина Меркулова күміс жүлдегер атанса, Екатерина Степанова "қоланы"жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Константин Казаков XCC-тегі ең мықты спортшы атанды. Екінші орынды Константин Шинкарук, үшінші орынды Алексей Фефелов иеленді.

Виолетта Казакова жасөспірімдер арасында осы пән бойынша ұлттық чемпион атанды. Алена Спирина күміс реңкті құймадан медаль жеңіп алды. Милана Котельникова үздік үштікті тұйықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или