Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші осыған дейін бес рет ATP додаларының финалында ойнап, тек соның біреуінде ғана, биыл Монпельеде чемпион атанған еді. Бұл жолы финалда әлемнің 41-ракеткасы, америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партия барысында қос брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте де 3:0 есебімен алға кеткенімен, қатарынан алты геймді беріп қойды - 3:6. Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, америкалық жеңіске жетті - 7:6 (7:3).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или