Бразилияда футболшыны матч басталатын кезде полицейлер ұстап әкетті

Бразилияда футболшыны матч басталатын кезде полицейлер ұстап әкетті

<span>Алимент төлемеген Бразилия чемпионатының үшінші дивизионының ойыншысын матч алдында полицейлер ұстады, деп хабарлайды Globo Esporte. </span>

<span>Бразилияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Феррориварио» клубының ойыншысы Эдер Лима матчқа қатысатын футболшылардың тізімінде болған. </span>

<span>Алайда оны кездесу басталып жатқан уақытта полицейлер ұстап, бөлімшеге алып кеткен. Кейінірек оның алимент төлемегені үшін қолға түскені анықталды. Салдарынан клубтың жаттықтырушылар штабы ойыншыны басқа футболшымен ауыстыруға мәжбүр болған. </span>

<span>Қазіргі уақытта клубтың заң департаменті мен Эдер Лиманың адвокаты жағдайды шешіп жатқанын хабарлады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или