Хабиб Нурмагомедов: Қазақстан мен үшін туған жер

Ақтауда Naiza және EAGLE FC промоушендері аралас жекпе-жектен бірлескен халықаралық турнир өткізді.
Жарыс барысында EAGLE FC ұйымының негізін қалаған Хабиб Нурмагомедов сөз алып, Қазақстанға ыстық ықыласын жеткізді.
«Маңғыстау облысының барлық тұрғындарына сәлем жолдаймын. Турнирді тамашалауға келген мыңдаған адамның арасында болғаныма өте қуаныштымын.
Дәл қазір сіздердің араларыңызда турнирден кейін осы спорт түріне қызығушылықпен келетін және өз күш-жігерінің арқасында алдағы 10 жылдан кейін аты аңызға айналатын жастар шығады деп есептеймін. Мұндай жарыстарды жиі өткізіп, жастарымызды спортқа баулу керек.
Қазақстан - менің туған жерім, мұнда үлкен Дағыстан диаспорасы бар. Маңғыстаулықтардың қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін»,- деді өз сөзінде әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов.


Маусым барша UFC жанкүйері үшін қызық болғалы тұр!
Әсіресе алда қазақстандық файтерлердің жекпе-жектері күтеді. Сондай-ақ, қырғызстандық чемпион Валентина Шевченко кезекті рет титулын қорғайды. Одан бөлек, UFC-дегі алғашқы татар файтері Ринат Фахретдинов октагонға шығады.
UFC алдағы жекпе-жектерді біздің файтерлерді қолдау үшін #АлгаИюньхэштегін бастайды, бір ай бойы ALGA промокоды жарамды болады, сол арқылы UFC Fight Pass біржылдық жазылымына 50% жеңілдік ала аласыздар. Өткізіп алмаңыздар!
Промокод UFC FIGHT PASS-тың! БІР ЖЫЛ не БІР АЙ жазылымына жарамды! Промокод саны шектеулі! Жазылып ал да, UFC турнирлерін тікелей эфирде немесе кейін қайталап көр!
Ұсыныс ТМД елдеріне жарамды: Грузия, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Молдавия, Қырғызстан, Түркіменстан
Қалай қосуға болады:
- Сайтқа кір
- тіркеліп немесе аккаунтқа кір
- тарифтік жоспарды таңда
- Ай сайын немесе Жыл сайын
- төлем әдісін таңдап, промокод жолын бас
- промокодты енгізіп, қолдану түймесін бас