Зайнутдиновтің командасы Ресей чемпионатын жеңіспен бастады

Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Алғашқы турда ЦСКА өз алаңында «Уралды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
РПЛ. 1-тур.
ЦСКА (Мәскеу) – «Урал» (Екатеринбург) – 2:0 (1:0)
Гол соққандар: Обляков 45 (1:0), Карраскаль 64 (с пенальти – 2:0).
ЦСКА сапында доп тебетін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді.