«Чемпиондар лигасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алғым келеді» – Біржан Оразов ӘЧ-2024, «Қайрат» және Чемпиондар лигасы туралы

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» ойыншысы Біржан Оразов Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі, қарсыластар, Чемпиондар лигасы және алдағы маусымдағы мақсаттары туралы пікірін бөлісті.
- Біржан, әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребе нәтижесі көңіліңізден шықты ма?
- Словения мен Черногория құрамалары секілді қиын қарсыластарға тап болдық. Қазір еуропалық барлық команда қарқын алған, бұрынғыдай ойнамайды. Бірақ қарсыластарымызбен ойындарға біз 100% дайын боламыз.

- Топтағы қарсыластарды бағалай аласыз ба?
- Бұған дейін Словениямен үш рет кездесіп, екі рет тең түсіп, бір рет жеңіске жеткен едік. Черногорияны алатын болсақ, олардың ойынымен таныс емеспін, бірақ оларға талдау жасап, дайындаламыз. Ең алдымен, әр ойынға оңтайлы құраммен шығуымыз керек.
- Ұлттық құраманың жиыны қай күнге жоспарланған?
- Біз қазір еңбек демалысында болғандықтан, жиын туралы әлі сөйлескен жоқпыз. Ең бастысы, барлық жарақаттан құтылп, отбасымызбен көбірек уақыт өткізу.

- Жаңалықтарда коронавирустың жаңа толқыны туралы белсенді жазылып жатыр. Соңғы Еуропа чемпионаты басталар алдындағыдай ойыншылар ауырып қалуы мүмкін деген қауіп бар ма?
– Әрине, коронавирус бізге қатты әсер етті, бірақ бәрі де Алла Тағаланың қалауымен. Әрине, құрамымыз мықты болғанын қалаймыз, бірақ бәріне дайын болуымыз керек.

– Чемпиондар лигасы туралы айтайық. Топқа қандай баға берер едіңіз? Кімнен қорқу керек?
- Барлық команда осал емес, сондықтан ешкімді бөлектегім келмейді. Бірақ биыл Чемпиондар Лигасын жеңеміз деп жігерленіп жүрміз, Құдай қаласа, бұған да жетеміз.
- Жақында ғана жерлесіңіз Жомарт Тоқаев ресейлік «Сибиряк» сапына ауысты. Осы орайда сұрақ туындайды, сізге шетелден ұсыныстар бар ма?
- Менің «Қайратпен» әлі бір жылдық келісімшартым бар, содан кейін не болатынын көреміз.

- Қазақстан құрамасының өз алаңындағы Словакиямен өткен ойында футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың қолынан сыйлық алдыңыз. Сыйлықты толық трибуна алдында алған кездегі эмоцияларыңыз туралы айтып беріңізші.
- Бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоциялар еді. Осының бәрі халықтың және жанкүйерлердің арқасында болды деп есептеймін, сол үшін алғыс айтқым келеді.
- Алдағы маусымға қандай мақсаттар қоясыз?
– Чемпиондар лигасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алғым келеді – бұл алдағы маусымдағы басты мақсаттар. Сондай-ақ жарақатсыз және бабымда болу.
Фото ашық дереккөздерден